Түркістан облысында көкпарға қатысушылар атыс шығарды

Иллюстрациялық фото

Түркістан облысында көкпарға қатысушылар атыс шығрады, - деп хабарлайды Astanatv.kz.

Түркістан облысында көкпарға қатысушылар атыс шығрады, - деп хабарлайды Astanatv.kz.

Телеарна мәліметі бойынша, учаскелік инспектор ойыншылар мен көрермендерді таратпақ болған. Сол сәтте топ ішінен белгісіз біреулер шолақ мылтықтан әуеге оқ атып, артынша автокөліктеріне мініп, қашып кеткен. Атыс кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Көп ұзамай оқ атқандар ұсталды. 

Төрт күдікті Қазығұрт ауданының тұрғыны екені анықталды. Тексеру кезінде олардың көлігінен 16 калибрлі шолақ мылтық, оқ-дәрілер тәркіленген. Полиция ұсталғандардың үйін тінту кезінде екі травмат тапанша және бір ұңғылы тіркелмеген заңсыз қару тапқан.

Реклама
Реклама

"Жастар қамауға алынды. Полиция күдіктілердің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексереді, сондай-ақ, қаруды қайдан алғанын анықтайды", - деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаменті өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама