ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қыркүйек 2022 | 08:58
Түркістан облысында қызғаншақ күйеу әйелін жұмысқа темірден тоқылған ішкиіммен жіберген
Түркістан облысында күйеуі келіншегіне жұмысқа темір дамбал киіп баруға мәжбүрлеген. Мұндай қадамға ер адам сенімсіздік пен қызғаныштан барған көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оtyrar басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, ер адам әйеліне әлімжеттік жасап, ұрып-соғып, темірден тоқылған ішкиім киюге мәжбүрлеген. Оқиға Сарыағаш ауданындағы Жібек жолы ауылдық округінде тіркелген. Адам шошырлық жағдайды аудандық әлеуметтік-психологиялық көмек қызметі бөлімінің басшысы Марат Тарақтиев айтты.
"Келіншегі түнгі ауысымға түскенде күйеуі темір ішкиім киіп баруға мәжбүрлеген. Кейін жұмыстан үйге келгенінде сол іш киімді өзі шешіп, адалдығына көз жеткізіп отырыпты", - дейді ол.
Сондай-ақ, Марат Тарақтиев өңірде мұндай жағдайлар жиі тіркелетінін айтады. Жыл басынан бері 74 әйел күйеуінен әлімжеттік көргенін айтып шағымданса, сол Жібек жолы ауылдық округінің өзінен 15 келіншек зорлық-зомбылық құрбаны болыпты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также