21 қараша 2019 | 11:03

Түркістан облысында Мәдениет басқармасының бөлім басшысы пара алған

© Тұрар Қазанғапов

Түркістан облысы Мәдениет басқармасының қаржы бөлімі басшысы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысы Мәдениет басқармасының қаржы бөлімі басшысы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мәліметінше, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін күдікті болған Түркістан облысы Мәдениет басқармасының қаржы және жоспарлау бөлімі басшысы Г.А. Нысанбековаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Реклама
Реклама

"Ол алдау және сенімге ие болу арқылы "Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы" МКҚК директорының 2020 жылға бюджет тапсырысын бекіту үшін 150 мың теңге көлеміндегі қаражатын иемденгені үшін күдікті болған. Ағымдағы жылдың 20 қарашасында Түркістан қаласы сотының үкімімен Нысанбекова айыпты болып танылды. Оған өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айыра отырып, 2,2 миллион теңге айыппұл төлеу жазасы тағайындалды", - делінген ведомствоның хабарламасында.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная