12 мамыр 2020 | 16:35

Түркістан облысында мас жүргізуші полицейлерден блокбекетті алып тастауды талап еткен

Түркістан облысының тұрғыны мас күйде көлік басқарғаны үшін жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысының тұрғыны мас күйде көлік басқарғаны үшін жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дереккөз мәліметінше, жүргізуші қыз полиция қызметкерлерінен жолдың қоршауын алып тастауды талап еткен.

Реклама
Реклама

Тәртіп сақшылары жүргізуші әйелден көліктен шығуын сұраған, алайда ол заң талаптарына бағынбай, өзінің дөрекі мінезін көрсете бастаған.

Полицейлер жүргізушіні ұстап, наркологиялық диспансерге медициналық куәландыру үшін жеткізді. Қорытындыға сәйкес әйелдің "орта дәрежелі алкогольдік масаң күйде" болғаны анықталды. Ал автокөлікті полицейлер айыптұрағына қойды. Тәртіп бұзушыға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің екі бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды, олар: "Төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер" және 608-бап (жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйде көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамға беру)", - делінген хабарламада.

Нәтижесінде 28 cәуірде Төлеби аудандық сотының шешімімен Леңгір қаласының тұрғыны жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, оған 111 120 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелеріне жол қозғалысы ережелерін сақтауға, сондай-ақ карантин режиміндегі шектеулерді бұзбауға кеңес береді. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная