20 сәуір 2020 | 15:05

Түркістан облысында мас жүргізуші үш полицейді қағып кеткен

Видеодан алынған кадр

Түркістан облысында полицейлерге шабуыл жасаған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында полицейлерге шабуыл жасаған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төтенше жағдай кезіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында Жетісай аудандық полиция бөлімшесінің  ЖПҚ қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жүргізді. Осындай рейд барысында тәртіп сақшылары қала көшелерінің қиылысында себепсіз жүрген  Mercedes автокөлігін тоқтатады. Құжаттарды талап ету кезінде мас жүргізуші тәртіпке  бағынбай, алдында тұрған екі полицейді соғып, тәртіп бұзушыны тоқтатуға әрекет жасап, көліктің есігінің жанында тұрған үшінші полицейді автокөлігімен сүйрей өтіп, оқиға орнынан ізін суытқан.

Реклама
Реклама

Үш полиция қызметкері жарақат алып, оларға медициналық көмек көрсетілді.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Жетісай аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері ізін суытпай, жарты сағат ішінде Жетісай қаласының тұрғынын ұстаған. Медициналық куәландыруға сәйкес тәртіп бұзушы орташа деңгейде мас болған. Және есірткі қолданғаны анықталды.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 379-бабы ("Билік өкіліне бағынбау") және 380-бабы (билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Тәртіп бұзушының автокөлігі айыптұрағына қойылды.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары  жүргізіліп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная