01 қазан 2021 | 11:35

Түркістан облысында медицина қызметкерлері вакцинация паспортын сатқан

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Түркістан облысының полиция қызметкерлері жалған вакцинация паспортын жасады деген күдіктілерді ұстады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысының полиция қызметкерлері жалған вакцинация паспортын жасады деген күдіктілерді ұстады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазығұрт аудандық полициясының кезекші бөліміне үш жергілікті тұрғынның жалған вакцинация паспортын ресімдегені туралы ақпарат келіп түскен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде тәртіп сақшылары қызмет бабын пайдаланып, жалған вакцинация паспорттарын дайындаумен және сатумен айналысқан медициналық мекеменің екі қызметкерін анықтады. Күдіктілер аудандық полиция бөліміне жеткізілген.

Реклама
Реклама

"Қазіргі уақытта осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабы "Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді, бланкілерді, мемлекеттік пошта маркаларын, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе сату" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Тәртіп сақшылары азаматтарға заңсыз әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік барын еске салады.

"Егер сіз осындай қылмыстардың куәгері болсаңыз, 102 телефонына, дереу полицияға хабарласыңыз", - деді полиция қызметкерлері.

Бұған дейін Қазақстанда жыл басынан бері ПТР-анықтамасы мен вакцианция паспортын қолдан жасауға байланысты 156 қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная