ПОДЕЛИТЬСЯ
31 қазан 2022 | 13:18
Түркістан облысында өзеннен табылған әйел өлімінің мән-жайы анықталды
Түркістан облысының полиция қызметкерлері өзеннен табылған әйел өлімінің мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысының Полиция департаменті мәліметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысының полиция қызметкерлері өзеннен табылған әйел өлімінің мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысының Полиция департаменті мәліметіне сілтеме жасап.
10 қазанда Төле би ауданының полиция бөліміне Ақсу өзенінде мәйіттің табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шықты.
Полиция қызметкерлері қаза тапқан адамның жеке басын анықтады. Ол Төле би ауданының тұрғыны болып шықты. Сондай-ақ, Шымкент қаласы ПД Еңбекші АПБ-на әпкесінің хабар-ошарсыз кету дерегі бойынша туыстары арызданғаны анықталды. Бұл жайт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігімен (кісі өлтіру) қылмыстық іс тіркелді және сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер осы қылмысты жасады деген күдікпен жәбірленушінің көршісі болған Төле би ауданының тұрғынын ұстады.
"Ақшалай қарыз қылмысқа себеп болған. Қарызды қайтармау үшін күдікті көршісінен құтылуға шешім қабылдап, алдау арқылы жәбірленушіні Ақсу өзеніне апарып, жартастан итеріп жіберген. Алған жарақаттарынан әйел қылмыс орнында қаза тапты. Қазір күдікті өз кінәсін толық мойындап, бұл әрекетіне өкінетінін айтты", - деді Түркістан облысы Полиция департаменті Тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Қанат Дүмшебаев.
Қылмыскер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также