02 тамыз 2022 | 09:07

Түркістан облысында полиция бөлімінде түсірілген "азаптау дыбыстарының" видеосы тарады

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Әлеуметтік желіде Түркістан облысы Сауран ауданының тұрғынына қатысты полицейлер қолданған азаптау дыбыстары жазылған видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elitar.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желіде Түркістан облысы Сауран ауданының тұрғынына қатысты полицейлер қолданған азаптау дыбыстары жазылған видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elitar.kz сайтына сілтеме жасап.

Ауыл тұрғынының өзі бұл жазбаны бірнеше күн бұрын Ішкі істер министрлігіне өтініші бойынша алған. Видео Сауран аудандық полиция бөлімінде орнатылған бейнебақылау камераларына түсірілген.

Ауыл тұрғыны екі қой ұрлады деген күдікпен полиция ғимаратына жеткізілгенін айтты. Оның айтуынша, полицейлер басына пакет кигізіп, соққыға жыққан. Ер адамның пайымдауынша, тәртіп сақшылары осылайша оған өзі жасамаған қылмысты мойындатуға мәжбүрлемек болған. Оқиға биыл 8 ақпанында болған.

Реклама
Реклама

Полиция департаменті 34 жастағы тұрғынның мал ұрлығына қатысы жоқтығын, оған қатысты қозғалған іс тоқтатылғанын түсіндірді. Оны азаптаған полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалған. Ол өз мәлімдемесінде бес қызметкердің аты-жөнін атады.

Қазір бұл іспен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері айналысып жатыр.

Жәбірленушінің айтуынша, Антикор қызметкерлері істі сотқа жеткізгісі келмейді және ауыл тұрғынынан олардың да отбасы, бала-шағасы бар екенін алға тартып, азаптаушыларды кешіруге шақырған. Жәбірленуші тарап мұнымен келіспей, істі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне беруді сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная