Түркістан облысында шалбарының қалтасына гашиш жасырған тұрғын ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Түркістан облысында шалбарының қалтасына гашиш жасырған тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Түркістан облысында шалбарының қалтасына гашиш жасырған тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Басылым мәліметінше, Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын белгісіз ер адам көше бойында өзіне тиісіп, мазасын алып жатқанын айтып шағымданған. Хабарламаны естіген бойда полиция қызметкерлері көрсетілген мекенжайға келіп жеткен. Тәртіп сақшылары әйелге қысым көрсеткен ер адамның мас екендігінен күдіктеніп, оны полиция бөліміне жеткізген. Сот-сараптамалық нәтиже тағайындалып, ер адам есірткі қолданғаны анықталған.

Бұл деректі полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорларымен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеуге алды.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, тінту барысында күдіктінің сол жақ қалтасынан есірткі затына ұқсас ұнтақтар табылған. Айғақ ретінде алынған затқа сот сараптама тағайындалып, нәтижесінде гашиш есірткі заты екендігі белгілі болды. Бүгінде күдіктіге қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама