13 тамыз 2021 16:24

Түркістан облысында шенеунік 5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Тұрар Қазанғапов

Түркістан облысында Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл труалы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің Түркістан облысы бойынша Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр. Лауазымды тұлға жеке мектеп өкілінен білім беру қызметіне лицензия беру үшін 5 миллиона теңге пара алды деп күдікке ілінді", - делінген хабарламада. 

Ведомство мәліметінше, айыпталушы қылымыстық іс-әрекетін толық мойындауына байланысты процессуалдық ұстау қолданылмаған. Соталды тергеп тексеру амалдары жалғасып жатыр.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram