ПОДЕЛИТЬСЯ
10 қазан 2022 | 09:26
Түркістан облысында шөп тиелген жүк көлігін өртеген ер адам видеоға түсіп қалды
Түркістан облысында шөп артылған жүк көлігін өртеп жіберген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысында шөп артылған жүк көлігін өртеп жіберген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 8 қазанда сағат 21.50 шамасында болған. Сайрам АПБ кезекші бөліміне ауыл көшелерінің бірінде шөп артылған ГАЗ 53 жүк көлігі жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.
"Оқиға орнына жедел-тергеу тобының қызметкерлері бірден шықты. Тәртіп сақшылары белгісіз біреу Бәйдібек ауданының тұрғынына тиесілі 280 бума шөп тиелген жүк көлігін өртеп жібергенін анықтады. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі шамамен алты миллион теңгеге жуық", - делінген хабарламада.
Оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында полицейлер қажетті іс-шараларды жүргізіп, куәлардан жауап алған. Бейнебақылау камераларын тексерген.
"Нәтижесінде жедел уәкілдер жүк көлігіне келіп, ондағы шөпті өртеп жіберген күдікті адамның бейнесін көрді. Ол от қойғаннан кейін орындыққа отырып, өртті бақылаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті ретінде Сайрам ауданының тұрғынын анықтады. Ер адам мас күйде белгісіз себептермен жәбірленушінің көлігін өртеп жіберген", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта дерек ҚР ҚК-нің 202-бабы "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша тіркеліп, соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также