30 қараша 2020 09:44

Түркістан облысында такси жолаушысынан есірткі тәркіленді

© Түркістан облысы полиция департаменті

Түркістан облысының полицейлері такси жолаушысынан есірткі тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысының полицейлері такси жолаушысынан есірткі тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Сарыағаш АПБ-нің патрульдік полиция инспекторлары рейд жұмыстарын жүргізу барысында күмән тудырған автокөлікті тоқтатып, жүргізушісінен құжаттарын сұраған кезде көліктің ішінен аңшы мылтық пен жолаушының қалтасынан пакетке оралған иісі бар есірткіге ұқсас өсімдікті тәркілеген.

Реклама
Реклама

"Осы дерек Қылмыстық кодекстің 296-бабы ("Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу") бойынша тіркелді. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі салмағы шамамен 3 грамм болатын кептірілген марихуана болып шықты. Осы оқиға бойынша қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген полицияның хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram