ПОДЕЛИТЬСЯ
18 тамыз 2020 | 12:03
Түркістан облысында такси жүргізушісіне шабуыл жасалды
Түркістан облысында такси жүргізушісіне шабуыл жасаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысында такси жүргізушісіне шабуыл жасаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.
Полицияға ер адамның соққыға жығылғаны туралы хабарлама ауруханадан түскен. Зардап шеккен азамат ауыл арасында Audi маркалы көлігімен такси жүргізушісі болып жүрген. Оған бір клиент отырады және оны айтқан жеріне жеткізеді. Аяқ астынан жолаушы шабуыл жасап, соққыға жығады да, қашып кетеді.
Күдікті екі күн ішінде ұсталған. Ол Шымкент қаласының тұрғыны екен. Істеген ісін мойындады.
ҚР ҚК-нің 293-бабы ("Бұзықылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Нұр-Сұлтанда балаарба ұрлаған ер адам ұсталғаны туралы хабарланған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также