01 сәуір 2022 11:53

Түркістан облысында танымал ішімдік маркаларын қолдан жасағандар ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Түркістан облысында контрафактілік алкоголь өнімдерін шығаратын астыртын цехтар анықталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында контрафактілік алкоголь өнімдерін шығаратын астыртын цехтар анықталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қаржы мониторингі агенттігінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 3 мыңнан астам бөтелке, 3500-ден астам есепке алу-бақылау таңбалары, бір тоннадан астам алкоголь өнімі, танымал арақ маркаларының этикеткалары, орау материалдарын тапты. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ведомство алкоголь өнімдерінің негізгі бөлігі жасырын цехтарда көбінесе антисанитариялық жағдайда дайындалатынын атап өтті.

"Бұл әсіресе тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіпті", - деп атап өтті ведомстводағылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram