25 желтоқсан 2020 14:36

Түркістан облысында тұрғындарды 1,5 миллион теңгеге алдап кеткен әйел ұсталды

Көрнекі сурет © Tengrinews.kz

Түркістан облысында тұрғындарды алдап, 1,5 миллион теңгеге жуық шығын келтірген күдікті әйел ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында тұрғындарды алдап, 1,5 миллион теңгеге жуық шығын келтірген күдікті әйел ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Портал мәліметінше, Сайрам аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша сырттай танысы аз пайызбен несие алып беремін деп уәде беріп, 50 мың теңге ақшасын алған. Одан бөлек, әр адамға мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек ретінде екі баласына және өзіне 1,5 миллион теңге жәрдемақы алып беретінін айтқан. Сол үшін 270 мың теңге ақшасын алып, уәдесін орындамай, ақшасын да қайтармаған. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі - 320 мың теңге. Бұл деректі полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді.

Реклама
Реклама

"Қылмысты ашу үшін Сайрам аудандық полиция бөлімшесінде тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды, олар бірден алаяқты іздеуге кірісті. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері күдікті Түлкібас ауданының тұрғынын ұстады. Бүгінде бұл дерекке байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында күдікті тағы бір тұрғыннан алаяқтық жолмен көп мөлшерде ақша алғаны анықталды.

Күдікті жәбірленуші азаматтың әйелін ауылдардың біріндегі мектепке математика пәнінің мұғалімі жұмысына орналастырып беремін деп сеніміне кірген. Содан соң алаяқтық жолмен 1,1 миллион теңге ақшасын алған. Қомақты қаржыны бас пайдасының қажеттілігіне жаратқан. Бүгінде күдікті өз кінәсін толығымен мойындап, ақшаларды өз иелеріне қайтарып беретінін айтты", - делінген хабарамада. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram