ПОДЕЛИТЬСЯ
22 ақпан 2021 | 13:33
Түркістан облысында тұрғындарды 7 миллион теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды
Түркістан облысында полицейлер тұрғындарды алдаған алаяқты ұстады. Ер адам мемлекеттен субсидия алуға көмектесуге уәде беріп, Келес ауданы тұрғындарынан жеті миллион теңгеге жуық ақшаны жымқырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысында полицейлер тұрғындарды алдаған алаяқты ұстады. Ер адам мемлекеттен субсидия алуға көмектесуге уәде беріп, Келес ауданы тұрғындарынан жеті миллион теңгеге жуық ақшаны жымқырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы тұрғынынан Келес АПБ кезекші бөліміне арыз түскен. Ол белгісіз ер адамның қомақты мөлшердегі ақшаны қалай алып кеткенін айтты.
"Жәбірленушінің айтуынша, алаяқ ауыл тұрғындарына тегін субсидия алуға көмектесетінін айтқан. Кейін олардан алдап-сулап 3,5 миллион теңге алып кеткен. Бір айдан кейін ғана еш нәтиже болмағанықтан жәбірленуші полиция көмегіне жүгінді", - деді полиция департаменті қызметкерлері.
Алаяққа қатысты іс РҚ ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу тізіміне тіркелді. Полицейлер күдіктіні тұрғылықты жері бойынша ұстап, полиция бөліміне жеткізді.
"Тергеу нәтижесінде ер адамның субсидия алуға көмек көрсетемін деген сылтаумен жәбірленуші сеніміне кіріп, ақшасын иемденіп, уәдесін орындамай жасырынғаны анықталды. Жәбірленушіге келтірілген залал сомасы шамамен жеті миллион теңге. Осындай жолмен алаяқ тағы үш тұрғынды алдаған", - деп толықтырды ДП өкілдері.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын және айыпталушының басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также