Түркістан облысындағы атыс: бір адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға түскен

Дина Шарипханова Корреспондент
Түркістан облысындағы атыс: бір адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға түскен

Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы Көктерек ауылында 2 қарашаға қараған түні атыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы Көктерек ауылында 2 қарашаға қараған түні атыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңірлік Полиция департаменті мәліметінше, оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілген. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Полиция күдіктілерді анықтады. Олардың бірі ұсталып, қамауға алынған, екіншісін іздестіру жалғасып жатыр.

Жарнама
Жарнама

"Кісі өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалғаны айтылды. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

"Тергеу барысы Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", – деп қосты баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама