ПОДЕЛИТЬСЯ
17 ақпан 2022 | 09:36
Түркістан облысының екі тұрғынынан қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді
Полиция қызметкерлері Түркістан облысының екі тұрғынынан қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Полиция қызметкерлері Түркістан облысының екі тұрғынынан қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі Түркістан облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері мен Түркістан облысы бойынша ҰҚКД атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтап, тасымалдады деген екі күдіктіні ұстағанын мәлімдеді.
"Олар Созақ ауданының екі тұрғыны болып шықты. Жедел уәкілдер бірінің үйін тінту кезінде АК-47 маркалы тапанша, 8 оқ-дәрі, екі пневматикалық винтовка, 16 калибрлі аңшылық мылтық, электрошокер және 2 атыс гильзасын тәркіледі", - деді полиция қызметкері.
Екінші күдіктінің үйін одан әрі тінту барысында тәртіп сақшылары заттай дәлел ретінде оқ-дәрілерді тәркілегені белгілі болды.
"Қазіргі бұл дерек бойынша ҚК-нің 287-бабы, 3-бөлігі "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Күдіктілердің бірі қамауға алынды", - деді ведомство өкілі.
Тергеу барысында жергілікті тұрғындар үйде қару-жарақ пен оқ-дәрілерді қандай мақсатта сақтағаны анықталады.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға тіркелмеген қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау, өткізу және тасымалдау үшін 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Егер атыс қаруын заңсыз ұстау дерегі туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға, 102 нөмеріне хабарласуға болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также