Түркістан облысының полицейлері жезөкшелікпен айналысқан притонды әшкереледі

Түркістан облысының полицейлері жезөкшелікпен айналысқан притонды әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлері жезөкшелікпен айналысқан притонды әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дереккөз мәліметінше, Мақтарал АПБ-нің полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Атакент аулының жеке үйлердің бірінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды жойды. Жедел уәкілдер анықталған притоннан ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсеткен жеңіл жүрісті үш қызды анықтады.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері жоғарыда аталған притон мен жеңгетайлықты ұйымдастырды деген күдікпен Мақтарал ауданының тұрғынын ұстады.

Реклама
Реклама

Бұл жайт ҚР ҚК 309-бабы "Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық" бойынша СДТТБТ-да тіркелді.

Тәртіп сақшылары ұсталғандарды полиция бөліміне жеткізіп, жеңіл жүрісті қыздарды профилактикалық есепке алды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама