ПОДЕЛИТЬСЯ
10 қараша 2021 | 12:12
Түркістан облысының тұрғыны WhatsApp-та қаржы пирамидасын құрған
Түркістан облысында 25 адам WhatsApp-та 3 чат арқылы ұйымдастырылған қаржы пирамидасының құрбаны болды. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысында 25 адам WhatsApp-та 3 чат арқылы ұйымдастырылған қаржы пирамидасының құрбаны болды. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомствода қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар алаяқтық схемаларды түрлі жолмен жасырғаны айтылды. Сонымен қатар, қаржы пирамидаларын үйден шықпай-ақ, мессенджердегі чатта хабарламалар тарату арқылы ұйымдастырған.
"Қаржы пирамидасына қарсы агенттіктің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаментіне 25 адам шағымданған. Тексеру барысында Түркістан қаласының тұрғыны WhatsApp-та "Асыл Инвест", "30 пайыз айналым" және "3 күнде 30 пайыз" деген чаттар құрып, хабарлама тарату арқылы азаматтардың қаражатын қаржы пирамидасына тартқаны анықталды", - делінген хабарламада.
Салымшыларға салым сомасының 30 пайыз мөлшерінде пайда алуға кепілдік берілген. Ақша қаржы пирамидасын ұйымдастырушысының банк шоттарына "Kaspi.kz" қосымшасы арқылы түсіп отырған. Қазір шағымданған тұлғаларға келтірілген шығын сомасы 24 миллион теңгеден асады.
Агенттік азаматтарды қысқа уақыт ішінде көп пайда әкелетін күмәнді жобаларға қатысудан аулақ болуға шақырды.
"Егер сіз қаржы пирамидасына тап болсаңыз немесе ұқсас пирамидаға сіздің таныстарыңыз, жақындарыңыз қатысса, агенттікке не өңірлік қаржы мониторинг органдарына хабарласуларыңызды сұраймыз. ҚМА сенім телефоны: +7 (7172) 708-478", - деді агенттікте.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также