20 қазан 2023 | 09:13

Түркістан облысының тұрғыны зорлаған балалар саны 15-ке жетті - адвокат

Дина Шарипханова Корреспондент
© otyrar.kz

Адвокат Айман Омарова Түркістан облысында ер адамның балаларды зорлауына қатысты жаңа мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Адвокат Айман Омарова Түркістан облысында ер адамның балаларды зорлауына қатысты жаңа мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Отырар ауданында балабақша қызметкерінен жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар саны бұрын хабарланғаннан көп болуы мүмкін. Зардап шеккен балалардың жасы 5-10 жас аралығында.

"Алғашында үш қыздың зорланғаны туралы ақпарат түсті. Қазір олардың саны 15-ке жеткені туралы ақпарат пайда болды. Зорлық-зомбылық құрбандарының саны бұдан да көп болуы мүмкін. Күдікті қамауға алынды. Бұл видео хабарламаны Бас прокуратураға жолдап отырмыз. Өтінемін, барып тексеріп көріңіздерші. Өйткені кейбір ата-ана шағым түсіргісі келмейді. Өйткені олар іс жабылып қала ма деп қорқады", - деді адвокат Instagram-парақшасында тікелей эфирде.

Реклама
Реклама

Адвокат Ләззат Рақышеваның айтуынша, күдіктінің маңайында тұратын көптеген ата-ана кішкентай қыздарын жаппай гинекологқа тексертіп жатыр. Сондықтан, зардап шеккендер саны 15-тен астам болуы мүмкін.

"Күдікті балабақшада от жағушы болып жұмыс істейді. Жазда дәл осы азаматтың үстінен зорлық-зомбылық көрсеткені туралы арыз түскен. Бірақ істің неге ашылмағаны белгісіз", - деді Рақышева.

Еске салайық, Отырар ауданындағы жантүршігерлік оқиға бейсенбіде белгілі болды. Балаларды зорлады деген күдікпен 33 жастағы ер адам ұсталды. Полиция тергеу құпиясын алға тартып, оның жеке мәліметтерін жария етпеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная