11 сәуір 2023 | 09:29

Түркістан облысының тұрғынынан 5 миллион теңге бопсалағандар ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Түркістан облысының полицейлері бопсалау қылмысы бойынша екі жігітті анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысының полицейлері бопсалау қылмысы бойынша екі жігітті анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысы полиция департаментіне Леңгір қаласының тұрғыны арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, оны белгісіз біреулер пышақпен қорқытып, күш қолданып, 5 миллион теңге бопсалаған. Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 194-бабы 3-бөлігі "Қорқытып алу" бойынша тіркеп, күдіктілерді анықтауға кірісті.

Ақпарат бойынша қылмысты ашуға, күдіктілерді ұстауға бірден Түркістан облысы полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының тәжірибелі қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы жұмылдырылды.

Реклама
Реклама

Төле би ауданының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген полицейлер, нәтижесінде 5 миллион теңге көлеміндегі ақшаны алып тұрған жерінен екі жігітті ұстады. Олардың біреуі бұрын сотты болған Төле би ауданының тұрғыны.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная