ПОДЕЛИТЬСЯ
22 желтоқсан 2021 | 12:58
Түркістан облысының тұрғынынан бағалы бұйымдар ұрланған
Түркістан облысында полиция қызметкерлері Жетісай тұрғынынан 44 миллион теңге ұрлаған күдіктіні анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысында полиция қызметкерлері Жетісай тұрғынынан 44 миллион теңге ұрлаған күдіктіні анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жетісу аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын ұрлық туралы арыз берген. Әйелдің айтуынша, оның үйіне терезеден белгісіз біреулер кіріп, миллион теңге ақша, гауһар тастары бар алтын бұйымдар мен ұялы телефон ұрлап кеткен. Шығынның жалпы сомасы - 44 миллион теңге.
"Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, ұстады. Ол Жетісай қаласының тұрғыны болып шықты, қамауға алынды. Қаскүнем жәбірленушінің үйінде алтын әшекейлер мен ақша барын білген", - деді құқық қорғау органдары.
Бұл дерек 188-бап "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы, оның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы анықталады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также