07 ақпан 2022 | 13:06

Түркістанда алаяқ мектептердің шотынан ақша ұрлаған

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото:polisia.kz

Түркістан облысы Шардара қаласында алаяқ мұғалімдердің шотынан өзіне ақша аударып алып отырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысы Шардара қаласында алаяқ мұғалімдердің шотынан өзіне ақша аударып алып отырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Шардара аудандық полиция бөліміне Шардара қаласының бірнеше мектебінің шоттарынан, яғни мұғалімдердің жалақысынан басқа шотқа ірі соманы заңсыз аудару дерегі бойынша хабарлама келіп түскен. 

"Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде тәртіп сақшылары бір тәулік ішінде алаяқтың шоты мен күдіктінің жеке басын анықтады. Оның Алматыда екені белгілі болды. Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқты ұстап, оны аудандық полиция бөліміне жеткізді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Жас жігіт бұрын қаржы саласында жұмыс істегені белгілі болды. Былтыр қыркүйекте ол жұмыстан шығып, Алматыға келген.

"Жұмыссыз қалған жігіт "оңай жолмен" ақша тапқысы келген. Жеке деректерді пайдаланып, алаяқ 40-тан аса мұғалімнің жалақысын өз шотына аударған. Жәбірленушілерге келтірілген залалдың жалпы сомасы 17 миллион теңгеден асты. Айғақ ретінде күдіктіден 1,5 миллион теңге тәркіленді", - деді полиция қызметкері.

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің "Алаяқтық" 190-бабы бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Тергеу барысында алаяқтың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная