26 тамыз 2023 09:09

Түркістанда кәсіпкер қызметкерінің атына 1,5 миллион несие рәсімдеген

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Тұрар Қазанғапов

Түркістанда кәсіпкер қызметкердің атына 1,5 миллион несие рәсімдеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістанда кәсіпкер қызметкердің атына 1,5 миллион несие рәсімдеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан полиция басқармасына жергілікті тұрғын жүгінді. Оның айтуынша, белгісіз адам оның атына алаяқтық арқылы несие рәсімдеген. Келтірілген залал шамамен 1,5 миллион теңге болады.

Полицейлер бұл деректі Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркеді. Күдікті бір тәулік ішінде ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Реклама
Реклама

Ол жәбірленуші жұмыс істейтін дүкен иесі болып шықты. Тергеу барысында күдікті кірістер мен шығыстарды тексеремін деген сылтауымен қызметкерден ұялы телефон сұрап, банк қосымшасы арқылы онлайн түрде несие рәсімдегені белгілі болды. Ол алған ақшасын өзіне жұмсаған.

Қазір осы дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram