ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- Кеше 10:30
Түркістанда қылмыстық топ мемлекет есебінен ауадан миллиардтар жасау схемасын ойлап тапқан
Түркістан облысында аграрлық саланы қолдау бағдарламасынан 3 миллиард теңгеден астам қаражат жымқыру ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігіне (ҚМА) сілтеме жасап.
Түркістан облысында агробизнесті қолдауға бөлінген 3 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған ұйымдасқан қылмыстық топтың 27 мүшесі сотталды.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, сотталғандардың әрқайсысына қылмыстағы рөліне қарай алты жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды..
Тергеу мәліметтері бойынша, 2016–2021 жылдар аралығында "КТ Яссы Несие" ЖШС басшылығы агроөнеркәсіптік кешенді қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында ірі қара мал сатып алуға арналған "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ның қаражатын жымқыру схемасын ұйымдастырған.
"Қарыз алу үшін бөгде тұлғалардың атына жалған шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерліктер тіркелген. Несие ұйымдарына жалған бизнес-жоспарлар, құқық белгілейтін құжаттар және іс жүзінде жоқ кепіл мүлкі туралы мәліметтер ұсынылған", - делінген ҚМА баспасөз қызметінің хабарламасында.
ҚМА мәліметіне сәйкес, несие мамандары қажетті құжаттарды дайындап, жалған несиелік қорытындылар, тексеру актілері мен қаражаттың мақсатты пайдаланылғаны туралы құжаттарды толтырып, несие берудің заңдылығын имитациялаған. Бағалаушылар мен кепілді қамтамасыз ету жөніндегі мамандар мүлікті бағалау туралы жалған есептер жасаса, нотариустар ақшалай сыйақы үшін кепіл нысандарына жалған құжаттарды куәландырып отырған.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ..
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу