18 шілде 2023 12:07

Түркістанда шенеунік пара алды деген күдікке ілінді

Алғабек Хамитұлы Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Түркістан облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы пара алу бойынша күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен облыстық Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы және оның сыбайласына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Олар жеке кәсіпкерді 18 миллион теңге көлемінде пара беруге итермеледі деген күдікке ілініп отыр. Қаражат Түркістан қаласында коммерциялық құрылыс салу үшін жер учаскесін беруге арналған", - делінген хабарламада.

Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Реклама
Реклама

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram