ПОДЕЛИТЬСЯ
10 қаңтар 2020 | 17:09
Түркістандық әйелдің өз баласын неге байлап тастағаны белгілі болды
Түркістан облысында кішкентай баланы анасы алимент төленбеуіне байланысты байлап тастаған болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысында кішкентай баланы анасы алимент төленбеуіне байланысты байлап тастаған болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2020 жылы 8 қаңтарда Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын арыз жазып, азаматтық негедегі бұрынғы әйелі 2017 жылы туған баласына қысым көрсетіп жатқанын айтқан. Бұл деректі полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау" бабы бойынша тіркеген", - дейді полициядағылар.
Бұл бап бойынша әйелге 160 АЕК көлемінде айыппұл салынуы, 40 күнге қамалуы немесе 160 сағатқа түзеу жұмыстарына тартылуы мүмкін. Сондай-ақ белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айырылуы ықтимал.
Бұрынғы ерлі-зайыпты арасындағы жанжал алиментке байланысты туған, әйелдің азаматтық негедегі бұрынғы жары ұзақ уақыт бойы қаражат бермеген. Олар 2014-2018 жылдар арасында азаматтық некеде болған. Олардың екі кішкентай баласы бар. Әйел адам еш жерде есепте тұрған жоқ.
Сараптама баланың денесінде ешқандай жарақат жоқ екенін көрсетті. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Еске салайық, Желіде өз баласының қолын байлап, аузын жауып қойған әйелдің видеосы тараған еді.
Оқиғаның видеосын Facebook желісінде Айгүл Орынбек жариялады. Видео кадрларынан баланың еденде отырғанын көруге болады, қолы бинтпен оралған. Аузын шүберекпен жауып тастаған. Ролик авторы баладан "Не қылды, балам?" деп сұрайды. Осы кезде әйелдердің жанжалы естіледі.
Показать комментарии
Читайте также