Туыстарының көзінше әйелін өлтірген қостанайлыққа қатысты сот үкімі шықты

Туыстарының көзінше әйелін өлтірген қостанайлыққа қатысты сот үкімі шықты

?останай облысыны? ?ылмысты? істер ж?ніндегі соты 30 жылдан аса уа?ыт бірге т?р?ан ?йелін ?лтірген ер адам?а ?атысты сот ?кімін шы?арды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі соты 30 жылдан аса уақыт бірге тұрған әйелін өлтірген ер адамға қатысты сот үкімін шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл оқиға былтыр 23 мамырда шамамен сағат 00.30-да Қостанай ауданы Затобольск ауылында болған.

Іс-материалдарына қарағанда, ер адам әйеліне төрт рет пышақ салған. Сол сәтте айғайдан басқа бөлмеде жатқан баланың оянып кеткені айтылады. Нәтижесінде әйелі оқиға орнында қаза болған. 

Реклама
Реклама

Психологиялық-психиатрлық сараптаманың қорытындысы ер адамның психикалық тұрғыдан дені сау емес екенін көрсетті.

"Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп таныды. Оның қабілетсіз халде екені анықталды", - делінген облыстық соттың хабарламасында.

Соттың үкімімен ер адам мамандандырылған психиатрлық стационарда ем алуға мәжбүр.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама