17 қаңтар 2019 | 11:18

Уақыт жоғалтып алды - Қасымов инспекторларға жасалған шабуыл жайлы

© Тұрар Қазанғапов

ІІМ басшысы қылмыстық оқиғаның мән-жайын Парламент Сенатының кулуарында журналистерге айтып берді. Қасымов инспекторды күдіктілердің кім екені анықталғанын және олардың арасында Қызылорда облысының тумалары бар екенін айтты. Оның айтуынша, күдіктілер арасында полицейлер жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ІІМ басшысы қылмыстық оқиғаның мән-жайын Парламент Сенатының кулуарында журналистерге айтып берді. Қасымов инспекторды күдіктілердің кім екені анықталғанын және олардың арасында Қызылорда облысының тумалары бар екенін айтты. Оның айтуынша, күдіктілер арасында полицейлер жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Иә, олар Қызылорда тұрғындары. Қызылорда облыстық полиция департаментінің қызметкерлері бағыттама таратты. Көліктері анықталды және адамдардың кім екені де белгілі болды. Куәгерлер бар, онда екі көлік болған. Қазір іздеу жарияланды. (...) Қылмыскерлер кетіп бара жатқан уақытта көліктің кілті мен инспекторлардың навигаторын алып кеткен. Сол себепті екінші көлік оларды бірден таба алмаған. Сол үшін ауруханаға жеткізу үшін біраз уақыт жоғалтып алды. Таңертең науқасты тікұшақпен жеткізейін дедік, алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты ТЖД өкілдері рұқсат бермеді", - деді ІІМ басшысы. 

Реклама
Реклама

Инспекторларға шабуыл жасау дерегі бойынша Қарағанды облыстық полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі ("Кісі өлтіру, адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған") бойынша тергеу жүріп жатыр. 

"Әзірге бұл адамдар ұсталған жоқ. Олар екі көлікпен жүрген. Бірақ бір көлікте отырған үш адам осы қылмысқа барған. Біреулерін анықтап, солар арқылы екіншілері белгілі болды. Қандай да бір мәлімет болған уақытта, хабарлайтын боламыз", - деді министр. 

Осыған дейін, "Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнының браконьерлер шабуылынан зардап шеккен инспекторы оқиға жайлы айтып берді.

Петр Ницык қылмыскерлермен текетірестің қалай өрбігені туралы айтқан видеосын Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Facebook желісіндегі парақшасында жариялады. Ол екінші инспектор Ерлан Нұрғалиев 15 қаңтарда таңертең қайтыс боғланы туралы хабарлады. Браконьерлердің инспекторлардың навигаторын алып кеткенін және боран кезінде олардың қайда екенін анықтау қиын болғанын айтты. Төтенше жағдайдан соң, инспекторлар 2,5 сағат бойы көмек күткен. 

Кім болса да жауапкершілікке тартылады - Лукин инспекторды өлтіру жайлы

"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны инспекторлары Петр Ницык пен Ерлан Нұрғалиев 2019 жылы 13 қаңтарда шамамен 18:00-де Қарағанды обылсы Нұра ауданына рейдке шыққан. Онда олар бес өлі киікті тапқан. Сонымен қатар, олар мемлекеттік туркеу нөмірі жоқ Toyota Land Cruiser маркалы екі автокөлікті байқап, біреуін тоқтату мүмкін болған. 

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 2-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру") бойынша іс қозғалып, күдіктілерді анықтау және ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная