07 қазан 2018 | 14:44

Уақытша ұстау изоляторының басшысы Астана-Көкшетау автобекетіне шабуыл жасады

©Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысының уақытша ұстау изоляторының басшысы Астана-Көкшетау тасжолындағы автобекетке шабуыл жасап, кассадағы ақшаны тонап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл ақпаратты ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев растады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысының уақытша ұстау изоляторының басшысы Астана-Көкшетау тасжолындағы автобекетке шабуыл жасап, кассадағы ақшаны тонап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл ақпаратты ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев растады. 

Басқыншы бетін бет пердемен жауып алған. Кассир қызметкеріне тапаншамен қоқан-лоқы көрсетіп, екі миллион теңгеден асатын соманы алып кеткен. 

Реклама
Реклама

Оқиға 5 қазанда болған, дәл сол күні ІІМ криминал бөлімінің полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына жеткізген. 

"Амал не, күдікті Шортанды аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторы басшысы болып шықты. Қылмыс құралы, тіркелген карбина және ұрланған ақша тәркіленді", - деді Сәдубаев.

Сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізіліп жатыр. 

"Қызметкерімнің мұндай әрекетке барғаны үшін жұрттың алдында кешірім сұраймын", - деді ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная