09 наурыз 2022 | 16:42

Уггиді бәтеңкеге: павлодарлық тұрғын сөреден жаңа аяқкиім киіп, орнына ескісін тастап кеткен

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото: Павлодар облысының ПД

Павлодарда бойжеткен дүкеннен ақшасын төлемей, жаңа бәтеңке киіп, орнына ескі уггиін тастап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда бойжеткен дүкеннен ақшасын төлемей, жаңа бәтеңке киіп, орнына ескі уггиін тастап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сатушылар бұл әрекетті бойжеткен дүкеннен шығып кеткеннен кейін ғана байқаған. Сөйтіп, аяқкиім ұрланғанын байқаған сауда мекемесінің директоры полицияға арыз жазған. Полицейлер 27 жастағы күдіктіні құны 30 мың теңгелік жаңа аяқкиіммен ұстаған.

"Ұсталған адамның айтуынша, дүкенде өзіне ұнайтын аяқкиім таңдаған. Өзінің ескі уггиін біреуге пайдалы болар деп сөреге мұқият қойып, жаңа аяқкиім киіп кеткен. Содан кейін тауар ақысын төлемей, сауда нысанынан кетіп қалған", - деді Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Реклама
Реклама

Павлодарлық бұл әрекетін 8 наурыз қарсаңында өзін қуантқысы келгесін жасағанын түсіндірді. Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 187-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оған ұсақ ұрлық жасағаны үшін 80 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынуы мүмкін. Сонымен қатар, 80 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тартылуы не 20 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная