ПОДЕЛИТЬСЯ
18 мамыр 2023 | 17:40
ҰҚК 50 миллион теңгенің темекісін шекарадан заңсыз өткізбек болғандарды ұстады
ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметкерлері Қостанай облысындағы шекарада 50 миллион теңгенің темекісін заңсыз алып өтпек болған шетелдікті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"17 мамырда Қостанай облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметінің "Қайрақ" автомобиль өткізу бекетінде шетел азаматы басқарған жүк көлігін тексеру кезінде акциздік маркалары мен ілеспе құжаттары жоқ 205 қорап темекі табылды.
Тәркіленген тауардың алдын ала құны 50 миллион теңгеден асады", - делінген хабарламада.
Қосымша тергеу жүргізу үшін құқық бұзушы мен анықталған жүк облыстық Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлеріне берілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также