ҰҚК Алматы облысында жасырын зертхана әрекетін әшкереледі

Фото: ҰҚК

Биылғы қазанда ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхананың әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Есірткі затын дайындау кезінде Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. 5 келіге жуық дайын және 350 литр "а-PVP" сұйық психотроптық заты, сондай-ақ 800 литр прекурсорлар мен есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдық тәркіленді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама