23 қаңтар 2024 | 10:03

ҰҚК Алматыда есірткінің рекорд партиясын тәркіледі

Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті психотропты заттардың ірі өндірісін жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық қауіпсіздік комитеті психотропты заттардың ірі өндірісін жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синтетикалық есірткінің рекорд партиясы заңсыз айналымнан алынды.

"2024 жылғы 18 қаңтарда Алматы қаласында жалға алынған жеке үйде психотропты заттарды дайындау процессінде есірткі зертханасын ұйымдастырушы, 1997 жылы туған Қазақстан азаматы қылмыс үстінде ұсталды.

Тінту кезінде 200 келіден астам "мефедрон" есірткісінің дайын өнімі және 100 литр шикізаты алынды. Дайын есірткі заттарының бұндай салмағы, көрсетілген зертхана елде ең ірі болғанына негіздеме береді. Алынған "мефедрон" көлемі шамамен 610 мың бір реттік дозаға эквивалентті", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Бұл ретте, есірткілер Қазақстан аумағында өткізу үшін арналған. Сот шешімі бойынша, фигуранттарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалған.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная