ПОДЕЛИТЬСЯ
25 шілде 2019 | 11:15
ҰҚК Алматыда және Шымкентте арнайы операция жүргізді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда, Шымкентте және Қызылордада заңсыз қару-жарақ сатумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сегіз Калашников автоматы мен екі тапаншаны алу дерегінің құжаталған. Қару тәркіленді.
© knb.gov.kz
2019 жылы 18-19 шілдеде Алматы мен Шымкентте қылмыстық топ мүшелерін құрықтау бойынша арнайы операция жүргізілді. Олардың кейбіреулері деструктивті діни ағымдарды ұстанушылар болып табылады және "ұрылар қауымдастығының" өкілдерімен тұрақты байланыста болады", - делінген ҰҚК хабарламасында.
© knb.gov.kz
Ұсталғандардың бірінің тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде қаруды қолдан құрастыруға және қайта жасауға арналған станок пен құрал-саймандар табылған.
"Арнайы операция барысында Қазақстан аумағына қару сатумен айналысқан ірі желісі жойылды. Ұсталған адамдар бұрындары сатқан қаруды заңсыз айналымнан алу шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.
© knb.gov.kz
Показать комментарии
Читайте также