20 қараша 2019 | 11:38

ҰҚК Алматыда шетелдіктерге жалған құжаттар жасаған қылмыстық топты ұстады

© ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Алматыда қылмыстық топты тінту жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Алматыда қылмыстық топты тінту жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2019 жылғы 15 қарашада ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласының прокуратурасымен өзара іс-қимылда Орталық Азия өңірі елдері азаматтарының Қазақстан Республикасына заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған адамдар тобының қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Қылмыстық топқа Көші-қон қызмет көрсету орталығының қызметкерлері, сондай-ақ шетелдіктерге құжаттар ресімдеуді жеделдету, оның ішінде № 086 үлгіде жалған анықтама беру жөнінде қызмет көрсеткен бірқатар делдал кірген", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Реклама
Реклама

Комитеттегілердің мәліметінше, қылмыстық іс фигуранттарында тінту жүргізу нәтижесінде 40-тан аса шетелдік азамат төлқұжаты, 2 миллион теңгеден асатын ақша және Қазақстанда шетелдіктерді заңдастыру бойынша басқа да құжаттар алынған.


© ҰҚК баспасөз қызметі

Көрсетілген топтың қылмыстық әрекеті жүйелі түрде және ұзақ сипатта болған. Шетелдіктер жалған мекенжайлар бойынша тіркеліп, жалған еңбек шарттары жасалған.

ҰҚК мәліметінше, қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная