09 қаңтар 2023 | 16:16

ҰҚК антикор төрағасының бұрынғы орынбасарын ұстады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"9 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті соталды тергеу шеңберінде жемқорлық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен құқық қорғау органдарының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері Марат Қожабаевты ұстады. Жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жарияланбайды", - делінген хабарламада.

Мақсат Қожабаев 2021 жылы шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары болып тағайындалған болатын. Ал оған дейін Қожабаев Шымкент прокуроры қызметін атқарған.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ол әр жылдары Шымкент, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары прокуратураларында прокурор болып жұмыс істеді. 2012-2014 жылдары Қызылорда облысында қаржы полициясының бастығы болды, 2014-2016 жылдары Жамбыл облысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментін басқарды. Кейін Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментті басқарды. 2017-2018 жылдары Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная