03 маусым 2021 | 15:52

ҰҚК арнайы операциясы: Алматыда есірткі сатқан тұрғын ұсталды

Фото: gov.kz

Алматыда синтетикалық есірткі сатумен айналысқан трансұлттық есірткі тобын ұйымдастырушылардың бірі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда синтетикалық есірткі сатумен айналысқан трансұлттық есірткі тобын ұйымдастырушылардың бірі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы прокуратурасының үйлестіруімен ҚР аумағында интернет-ресурстар арқылы синтетикалық есірткілердің ірі партиясын өткізуге қатысы бар трансұлттық есірткі құрылымының әрекетін ашып, жолын кесті.

2021 жылғы 24 мамырда жедел-іздестіру шаралары мен жасырын тергеу іс-қимылдары кешені барысында қылмыстық иерархияда халықаралық есірткі тобын ұйымдастырушылардың бірі ретінде әрекет еткен, "мефедрон" есірткі құралының көтерме партияларын өткізумен айналысатын Алматы қаласының тұрғыны ұсталды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметі бойынша, тінту кезінде 1,3 келі синтетикалық есірткі табылып, тәркіленген.

Реклама
Реклама

Дерек бойынша ҚР ҚК-ның 297-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды.

"Соңғы уақытта Алматыдағы "қара нарықта" есірткі құралдарының ірі партияларын қолдан жасау мен жеткізу көбейгені байқалып отыр.

2021 жылдың басынан бері қазіргі уақытқа дейін ҰҚК департаменті есірткі құралдарының заңсыз айналы бойынша 11 деректі анықтап, синтетикалық есірткі өндіру жөніндегі 5 жасырын зертхана (оның ішінде 1-еуі Қырғызстан аумағында) әрекетін жойды. Заңсыз айналымнан шамамен 190 келі есірткі тәркіленді. Есірткі бизнесімен айналысқаны үшін 17 адам ұсталып, қылмыстық жауапқа тартылды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная