19 наурыз 2021 17:21

ҰҚК арнайы операциясы: аса қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ-мен бірлесіп Ақтөбеде аса қауіпті трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтау бойынша арнайы операция өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ-мен бірлесіп Ақтөбеде аса қауіпті трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтау бойынша арнайы операция өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, "А" арнайы мақсаттағы қызметі қатысқан аса қауіпті трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады.

"Тексеру барысында 2020 жылғы қазан-қарашада қылмыстық топ мүшелері Ақтөбе қаласына Беларусь және Қазақстан кәсіпкерлерін алдап шақырып, психологиялық және күшпен қысым көрсету арқылы 87 миллион теңге мөлшеріндегі қаражатты иеленгені анықталды",-делінген ҰҚК баспасөз қызметі хабарламасында.

2021 жылғы ақпанда Мәскеу қаласынан ірі инвестициялық компания басшысын Ақтөбе қаласына шақырып, осыған ұқсас жолмен 500 мың АҚШ долларын иемденуді жоспарлаған. Нәтижесінде, топ жетекшісі – Қазақстан азаматы және 4 белсенді мүшесі – Ресей Федерациясының азаматтары ұсталды.

Тінту барысында 3 Калашников автоматы, электршокерлер, бетперделер, банк карталары, ұялы телефондар мен басқа да құрал-жабдықтар табылып, тәркіленді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 264-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети