ҰҚК арнайы операциясы: есірткі арнасымен байланысы бар деген 15 адам ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ҰҚК/видео кадры

ҰҚК арнайы операциялар барысында есірткі құрылымының 15 қатысушысы ұсталды. Заңсыз айналымнан барлығы 223 келі есірткі тәркіленген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК арнайы операциялар барысында есірткі құрылымының 15 қатысушысы ұсталды. Заңсыз айналымнан барлығы 223 келі есірткі тәркіленген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылғы сәуір мен мамырда ғана ҰҚК Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің арнаулы қызметтері және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, 30-дан аса есірткіге қарсы операция жүргізген. ҰҚК мәліметінше, есірткі трафигінің 9 халықаралық және 14 өңірлік арнасы жойылған. Синтетикалық есірткі өндіретін 8 ірі жасырын зертхана әшкереленіп, жұмысы тоқтатылған.

"Арнайы операциялар барысында есірткі құрылымының 15 қатысушы ұсталды. Заңсыз айналымнан барлығы 223 келі есірткі, оның ішінде: 90 келі синтетикалық есірткі (270 мың "бір реттік мөлшерге" тең), 85.2 келі марихуана, 14 келі апиын, 4 келі гашиш алынды. Бұдан басқа, 800 экстази таблеткасы, 500 түп "голланд" марихуанасы және психотроптық заттарды дайындауға арналған 4 тонна химиялық реагенттер айналымнан шығарылды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

2 ай ішінде алынған есірткінің "қара нарықтағы" жалпы сомасы 2.3 миллиард теңгеден астамға бағаланып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная