01 ақпан 2023 | 14:13

ҰҚК арнайы операциясы: есірткі саудалаған қылмыстық топ ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан аумағына аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні кіргізудің және сатудың тұрақты арнасын ұйымдастырған қылмыстық топтың жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан аумағына аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні кіргізудің және сатудың тұрақты арнасын ұйымдастырған қылмыстық топтың жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, "мефедрон" және "альфа-PVP" әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы саудаланған. Есірткі жасырын орындардың координаттарын беру арқылы бетпе-бет кездесусіз алынып отырған.

Реклама
Реклама

"Жинақталған бұлтартпас айғақтардың нәтижесінде Шымкент және Қонаев қалаларында есірткі синдикатының ұйымдастырушысы мен үш көмекшісі ұсталды. Тінту барысында заңсыз айналымынан 103 келі синтетикалық есірткі алынды", - делінген хабарламада.

Өлімге әкелетін "тауарды" Астана, Алматы, Қонаев, Көкшетау, Шымкент, Тараз, Қызылорда және Өскемен қалаларында тарату көзделген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная