ПОДЕЛИТЬСЯ
31 наурыз 2023 | 09:14
ҰҚК арнайы операциясы: халықаралық есірткі синдикаты бейтараптандырылды
ҰҚК есірткі контрабандасына қатысы бар халықаралық есірткі синдикаты әрекетін бейтараптандырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҰҚК есірткі контрабандасына қатысы бар халықаралық есірткі синдикаты әрекетін бейтараптандырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жедел жете тексеру барысында шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағына теңіз жолымен опиаттар мен басқа да тыйым салынған заттарды жеткізудің тұрақты арнасын ұйымдастыруға қатысы бары анықталған.
"Жедел қызметкерлер Каспий су айлағы арқылы есірткіні тасымалдау бағдарлары мен тәсілдерін егжей-тегжейлі айқындады. Есірткі тобының мүшелері оларды анықтауда қиындық тудырған қазіргі заманғы спутниктік навигация құралдарымен және GPS-пен жабдықталған шағын жылдам жүретін кемелерді пайдаланғаны туралы айта кету керек.
2023 жылғы 26 наурызда Маңғыстау облысында операцияның аяқталу кезеңінде ҰҚК мен "А" арнайы бөлімшесінің қызметкерлері есірткі арнасын ұйымдастырушыны және оның үш көмекшісін ұстады", - делінген хабарламада.
Оларды ұстау ҰҚК Шекара қызметінің катерлерімен жағалау аймағын бөгеу арқылы жүргізілген. Бақылау ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) пайдалану жолымен жүзеге асырылғаны айтылды.
"Контрабандашылардың су көлігін тексеру кезінде 30 келіден аса апиын және 10 қаптама "метадон" психотроптық заты табылды.
Осы іс бойынша материал СТБТ-да тіркелді, тергеу іс-шаралары прокуратура органдарымен өзара іс-қимылда жүргізіліп жатыр", - ҰҚК мәліметінде.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также