ҰҚК арнайы операциясы: ұсталғандар саны артты

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

5 қазанда ҰҚК полиция органдарымен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен бір мезгілде Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында арнайы операция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК мәліметіне сілтеме жасап.

Нәтижесінде қару мен есірткіні заңсыз сақтауға, бопсалауға, заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыруға және өзге де ауыр қылмыстар жасауға күдікті топтардың 72 мүшесі тергеу амалдарын жүргізу үшін жеткізілді.

"Топтар өз әрекеттерін Қытаймен ("Қорғас" ХШЫО), Өзбекстанмен ("Жібек жолы" өткізу пункті) және Қырғызстанмен ("Қордай автомобильдік" өткізу пункті) шекаралас учаскелерде жүзеге асырған.

Тінту барысында атыс қаруы оқ-дәрілерімен, ірі ақша қаражаттары, есірткі, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді", - делінген хабарлдамада.

Реклама
Реклама

Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама