01 наурыз 2024 | 14:05

ҰҚК Астананың екі тұрғынын ұстады: видео пайда болды

видео кадры

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астанада есірткі зертханасы жойылғаны туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астанада есірткі зертханасы жойылғаны туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

22 ақпанда ҰҚК Астана бойынша департаменті астаналық прокуратураның үйлестіруімен қаланың өнеркәсіп аймағында орналасқан синтетикалық есірткі өндіру бойынша жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті.

"Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен астананың 2 тұрғыны ұсталды. Тінту барысында шамамен 80 мың бір реттік дозаға бара-бар 27 келіден астам "мефедрон" психотроптық заты, сондай-ақ 1 тоннадан артық прекурсор алынды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Алынған есірткі құны "қара нарықта" 540 миллион теңгеге бағаланады.

"Бұдан басқа, Астананың басқа аудандарында зертхана жабдығы бар 40 футтық екі контейнер табылды, тергеу нұсқасы бойынша, олар бірнеше осыған ұқсас өндірісті ұйымдастыру үшін арналған".

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная