ҰҚК атыс қаруы және оқ-дәрі саудасымен айналысқандарды әшкереледі

viewings icon
352
comments icon
0
Фото: ҰҚК Фото: ҰҚК

ҰҚК Астана мен Щучьеде атыс қаруы және оқ-дәрі саудасымен айналысқан бір топ адамның әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілеме жасап.

ҰҚК Астана мен Щучьеде атыс қаруы және оқ-дәрі саудасымен айналысқан бір топ адамның әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілеме жасап.

Биыл шілде-тамызда ҰҚК Бас Прокуратураның үйлестіруімен Астана және Щучинск қалаларында атыс қаруы мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына қатысы бар бір топ адамдардың заңға қайшы әрекетінің жолын кесу бойынша іс-шаралар өткізді.

Астанада жүргізілген тінтулер барысында қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған 2 "Калашников" автоматы мен 43 оқ-дәрі, Щучинскіде – 7 атыс қаруы, 4 тапанша және 1500-ден астам түрлі калибрлі оқ-дәрі алынған.

Реклама
Реклама

"Сот-баллистикалық сараптамалар тағайындалып, соталды тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр. Жалпы биылғы жылдың басынан ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп қарудың заңсыз айналымының 13 арнасын, сондай-ақ оны жасырын жасайтын 2 цехты жойды. 41 автомат, 203 мылтық, 121 тапанша, 57 қол гранатасы, 1 гранататқыш, 44 жарылғыш құрылғы және әртүрлі калибрдегі 11 138 патрон тәркіленді", - делінген хабарламада.

Суреттер: ҰҚК баспасөз қызметінен

Қарудың заңсыз айналымымен күрес бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная