Жыл басынан бері ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен Қазақстан өңірлерінде қарудың заңсыз айналымына жол бермеу үшін жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ҰҚК мәліметінше, 118 қару тәркіленген, оның ішінде 6 Калашников автоматы, 83 мылтық, 29 тапанша, 15 граната мен 859 оқ-дәрі бар.
"Бұл деректер бойынша жедел тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", - деді ҰҚК өкілдері.
Еске сала кетейік, бұған дейін ҰҚК шетелдік қызметтердің қатысуымен өткен арнайы операциялар туралы мәлімдеді. Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері есірткі тасымалының 11 халықаралық және 3 өңірлік арнасы жойылып, 5 астыртын зертхананың қызметіне тосқауыл қойылған.