04 тамыз 2023 | 14:07

ҰҚК "Азаматтарға арналған үкіметтің" тағы бір қызметкерін ұстады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:gov.kz

"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕҰ қызметкері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕҰ қызметкері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2023 жылғы 27 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Ұлттық ұланды жұмылдыра отырып жүргізген жедел-тергеулік іс-шаралар нәтижесінде "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес ұйымының жергілікті бөлімшесі бастықтарының бірін ұстады", - делінген хабарламада.

Ол Қазақстанның аса маңызды ақпараттық инфрақұрылымына жататын деректер базасындағы жер учаскелеріне қатысты мәліметтерді өзімшілдік ниетпен заңсыз өзгертті деген күдікке ілінген.

Реклама
Реклама

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 206-бабының 3-бөлігімен ("Ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру") қарастырылған қылмыстық заң бұзушылық белгілері бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Көкшетау қаласының соты күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная