05 наурыз 2024 | 15:02

ҰҚК есірткіні жұтып, Қазақстанға кіргізбек болған екі шетелдікті ұстады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанға есірткі тасымалдайтын тағы бір контрабандалық арнаны тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанға есірткі тасымалдайтын тағы бір контрабандалық арнаны тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті "жұтқыштар" деп аталатын Қазақстанға есірткі жеткізудің кезекті контрабандалық арнасының жолын кесті.

21 ақпанда Ақтау халықаралық әуежайында Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД жедел уәкілдерімен шекарашылар ЭТД қызметкерлерімен өзара әрекеттесе есірткі тасымалдау күдігі бойынша екі шетелдік азаматты ұстаған.

Реклама
Реклама

"Рентгеноскопиялық зерттеу олардың іш қуысында бөгде заттардың барын көрсетті. Арнайы медициналық процедуралармен шетелдіктердің азқазандарынан героин және синтеикалық есірткі бар 30-дан аса контейнер алынды.

Алынған заттардың жалпы салмағы шамамен 1 келі болды", - делінген хабарламада.

Сот шешімі бойынша, фигуранттарды қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная