ҰҚК қару жасайтын цех ашқандарды ұстады

© ҚР ҰҚК

Рудныйда жарамсыз қаруларды ұрыс қаруына айналдыруға арналған мини-цех ашқан екі ер адам бас бостандығынан айырылды. Олар биыл сәуірде екі келі жарылғыш зат сатпақ болған кезінде қолға түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"29 тамызда Қостанай облысы Рудный қалалық сотында жарамсыз қаруды ұрыс қаруына айналдыруға арналған мини-цех жасаған Д. Басакин мен А. Стенинге ұрыс қаруы мен жарылыс заттарын заңсыз сатқандары үшін үкім шығарылды", - дейді ҰҚК-де. 

© ҚР ҰҚК

Реклама
Реклама

Сотталушылар ҚР Қылмыстық кодексінің 287 және 291-баптары бойынша айыпты деп танылып, әр түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Қазіргі уақытта фигуранттардың бірі іздестіріліп жатыр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама